Меню

Парник эффектісі деген не

Парник эффектісі туралы

Алғаш рет парникті эффектісінің механизмі туралы идеяны Жозеф Фурье
1827 жылы Жер шары мен басқа планеталардағы температуралар туралы жазулар
мақаласында қарастырып, 1896 жылдан бастап одан ары зерттеген Сванте
Аррениус болды. Парникті эффект (жылу эффекті) — инфрақызыл сәулелердің
атмосфералық газдармен жұтылып, бөлінуі арқылы атмосфера мен планета
бетінің жылыну пpoцeci.
Жер бетіндегі негізгі газдар: су пары (бұлттарды есептемегенде 36-
70%), көмip қышқыл газы (С02) (9-26%), метан (СН4) (4-9%) және озон (3-7%).
XVIII ғасыр ортасындағы өнеркәсіптік революция басталғалы бepi
атмосферадағы С02 және СН4 концентрациялары сәйкесінше 31% және 149%-ға
көбейген.
Жылыжай эффектісі (парниктік эффект) — ауадағы антропогенді түрде
пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өзіне сіңіруі нәтижесінде
атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуі.

Парник эффектісі — деп атмосферада парникті газдардың құрамының
көбеюінен, жылу балансы өзгеріп планетаның температурасының жоғарылуын
айтады. Негізгі парникті газ – көміртек диоксиді, оның парникті эффектісіне
қосатын үлесі 50-65 пайыз. Басқа парникті газдарға метан, азот тотықтары,
озон фреондар және т.б. газдар жатады. Барлығы 30-дан астам парникті газдар
белгілі. Энергия көзі ретінде әртүрлі қазба отындарын пайдаланудан (көмір,
мұнай) атмосферадағы көмір қышқыл газының мөлшері соңғы жарты ғасырда
жылдан-жылға көбеюде. Адамзаттың тіршілігі фрқасында атмосферадағы одан да
басқа парникті газдар, мысалы, метан, азот тотығы және құрамында хлоры бар
заттар түсуде. Олардың мөлшері онша көп болғанымен, көмір қышқыл газына
қарағанда әлдеқайда зиянды.

Жердегі жылу балансына әсері бойынша негізгі мынандай парникті газдар
бар: су буы, көмір қышқыл газы, метан, озон, сульфурилфторид, галогенді
көміртектер, азот тотығы және құрамында фторы бар газдар (азот трифториды,
фреон).

Су буы – бүкіл эффектінің 60%-на жауапты табиғи негізгі парникті газ.
Су буына тікелей антропогендік әсер аз. Соған қарамай, басқа факторларға
байланысты Жер температурасының жоғарылауы қалыпты ылғалдылықтың тұрақты
болуына қарамай, атмосферадағы су буының жалпы концентрациясын және
булануды арттырады. Бұл өз кезегінде парникті эффектіні жоғарылатады.
Сөйтіп, біршама оң кері байланыс пайда болады. Екінші жағынан,
атмосферадағы бұлттар күннің тіке сәулесін шағылыстырып, Жердің альбедосын
жоғарылатады, яғни эффектіні біршама төмендетеді.

Көмір қышқыл газының Жер атмосферасындағы көзі – адамдар мен басқа да
организдердің тіршіліг, вулкандық атқылаулар. Тікелей антропогендік
факторлар – қазба отындарын дағу, биомассаларды өртеу (оның ішінде
ормандарды да), кейбір өнеркәсіптік процестер (мысалы, ценмент өндіру).
Негізгі көмір қышқыл газын пайдаланушылар – өсімдіктер болып табылады.
Қалыпты жағдайда биоценоз қанша көмір қышқыл газын өндірсе (мысалы,
биомассаның шіруі), шамамен сонша сіңіреді.

Метанның парникті белсенділігі көмір қышқыл газына қарағанда шамамен
21 есе жоғары. Атмосферадағы метанның ұзақтығы 12 жылды құрайды. Негізгі
антропогенді көздері – мал шаруашылығындағы асқорыту ферментациясы, күріш
егіншілігі, биомассалардың өртенуі (оның ішінде ормандардың да) болып
табылады. Соңғы кездегі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, атмосферадағы
метан концентрациясының тез жоғарылауы біөдің дәуіріміздің алғашқы
мыңжылдығында (ауыл шаруашылығы мер мал шаруашылығының дамуы, ормандарды
өртеу) жүрген. 1000 жыл мен 1700 жылдар аралығында метан концентрациясы 40%-
ға төмендеп, соңғы жүз жылда тағы да жоғарылаған (жыртылатын жер мен
жайылымдар көлемінің ұлғаюы, ормандарды өртеу, мал санының өсуі, ластану,
күріш өсіру). Сондай-ақ метанның бөлінуіне көмір кен орындары мен табиғи
газды игеру кезінде және қалдықтарды көму орындарынан түзілетін биогаз
құрамында да кездесуі әсер етеді.

Читайте также:  Что нужно чтобы был хороший урожай картофеля

Озонның тропосфералық және стратосфералық түрлерін ажыратады.
Біріншісі-парникті газ, екіншісі – озондық қабат ретінде Жерді ультракүлгін
сәулелерден қорғайтын стратосфераның маңызды қабаттарының бірі. Оның
парникті газ ретінде үлесі жақ деп санауға болады.

Тропосфералық озонның концентрациясы жоғары өзгергіштік деңгейімен
және географиялық таралуының әркелкі болуымен ерекшеленеді. АҚШ пен
Европада тропосфералық озонның деңгейін спутникті және жерден бақылап,
есептейтін мониторинг жүйелері бар. Озонның түзілуі үшін күн сәулесі қажет
болатындықтан, әдетте озонның жоғарғы деңгейі ыстық күндер көп болады. Жер
бетіне жақын жерде озонның концентрациясының көбеюі жапырақтарды зақымдап
және фотосинтетикалық мүмкіндігін нашарлатып, өсімдіктер жамылғысына кері
әсер етеді.

Азот тотығының парникті белсенділігі көмір қышқыл газына қарағанда 298
есе жоғары.

Ал фреондардың парникті белсенділі көмір қышқыл газына қарағанда 1300-
8500 есе жоғары. Фреондардың негізгі көздері мұздатқыш қондырғылары мен
аэрозольдар болып табылады.

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен
бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер,
яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл
заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары . жалғасы

Источник

Парник эффектісінен туындайтын әлемдік проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 19:21, доклад

Краткое описание

Өзектілігі: Парниктік эффект әсерінен ауа температурасы жылынып, мұздықтардың еруіне, организмнің тіршілік етуіне, халықтардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Мақсаты: биосфера шегінде болып жатқан ғаламдық жылынуды бақылай отырып, ондағы газдардың тұрақтылығын сақтау, тірі организмге әсер ететін пайдасын тиімді пайдалану. Міндеті: — парниктік эффектіден туындайтын әлемдік проблемаларды кеңінен зерттеу;- парниктік газдардың атмосфераға таралуын тежеу;- парниктік эффектінің әсерінен еріп жатқан мұздықтарды қарастыру;- көмірқышқыл газының концентрациясының артуын тежеу;

Вложенные файлы: 1 файл

aidana ekologia proekt.pptx

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Парник эффектісінен туындайтын әлемдік проблемалар

Орындығын: Лесхан А.Л

Топ: 114
Факультет: Педагогика

Тексерген: Кенжебаева Ш.К.

Өзектілігі: Парниктік эффект әсерінен ауа температурасы жылынып, мұздықтардың еруіне, организмнің тіршілік етуіне, халықтардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Мақсаты: биосфера шегінде болып жатқан ғаламдық жылынуды бақылай отырып, ондағы газдардың тұрақтылығын сақтау, тірі организмге әсер ететін пайдасын тиімді пайдалану.

Міндеті: — парниктік эффектіден туындайтын әлемдік проблемаларды кеңінен зерттеу;
— парниктік газдардың атмосфераға таралуын тежеу;
— парниктік эффектінің әсерінен еріп жатқан мұздықтарды қарастыру;
— көмірқышқыл газының концентрациясының артуын тежеу;

ІІ. Негізгі бөлім

а.Климаттың жаппай жылынуы

г.Парниктік эффекті туралы болжамдар

Климаттың ғаламдық жылуы

    • Климаттың ғаламдық жылуы — биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі 12-15% артқан.
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0,3-0,60С –ға артқан. Әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит 1,5 -2 м көтерілуі мүмкін, ол шамамен 5 млн. км2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхитттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлармен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

    • Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырама й жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңі ріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді
Читайте также:  Настой банановых шкурок удобрение

Парниктік эффектінің пайда болу көздері:

Көмірқышқыл газы СО2

    • Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі — органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд. т бөлініп шығады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді.
    • Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
    • Жер атмосферасында парниктік газдардың шоғырлануы жалғасуда. Бүгінгі таңда дүние жүзіндегі ауа температурасы өнеркәсіп дәуірімен салыстырғанда 0,8 градусқа жоғары.
      Өнеркәсіп дәуіріне дейін атмосферада шамамен миллионға шаққанда 278 CO2 бөлшегі болды. 2012 жылғы қыркүйек айында бұл көрсеткіш 391-ге дейін өсті, деп хабарлады Финмаркет. Көрсеткіш шамамен жыл сайын миллионға шаққанда 1,9 бөлшегіне дейін өсті.
      Ғалымдардың айтуынша, қазіргі атмосферадағы парниктік газдардың шоғырлануы соңғы 15 млн жылдағы ең жоғары шоғырлану саналады.
      Өнеркәсіп, үй шаруашылықтары, ауыл шаруашылығы және көліктер жылына ауаға 35 млн тонна көмірқышқыл газын бөледі. 2020 жылға қарай егер ештеңе өзгермесе, онда кейін 41 млн тонна көмірқышқыл газы бөлінетін болады.
      XX ғасырда мұхит деңгейі орташа алғанда 15-20 см-ге көтерілген. Соңғы 10 жылда оның деңгейі тек 3,2 см-ге көтерілуде. Егер жылдамдық өзгермесе, ғасырдың соңында мұхит деңгейі 30 см-ге ұлғаяды.
      Сондай-ақ, соңғы жылдары мұздықтардың еру жылдамдығы
    • Біздің планетамыздағы барлық мұз қабаттарының 10 пайызы осы Гренландияда шоғырланған. Көлемі жағынан Антарктикадан кейінгі екінші орынды алатын бұл мұз қалқанның массасы 2,5 млн. текше шақырымға тең. Соңғы жылдары Гренландия мұздағының бұрынғыдан жылдам ери бастағаны байқалуда. Жыл сайын 250 миллиард тоннаға жуық гренландиялық мұз суға айналып, Атлант мұхитына қосылатын көрінеді. Бұл құбылысты анықтауға 2002 жылдан бері мұздаққа тұрақты бақылау жасап келе жатқан екі жасанды спутниктердің жинақтаған деректері мүмкіндік берді. Соңғы жылдары гренландиялық мұздақтың жағдайы ерекше назар аударуды қажет етіп отыр.
    • Канадалық ғалымдардың деректері бойынша, Арктиканың мұз қабаты соңғы 15 жыл ішінде 40 пайызға тарта қысқарған көрінеді. Ал ресейлік ғалымдар тура осы мерзімде мұз қалыңдығы 15-20 пайызға азайды деген деректерді алға тартады.Шығыс Сібір платформасынан жыл сайын 8 млн. тоннаға жуық метан газының ауаға таралатындығын анықтады. Ғалымдардың болжамынша, жаһандық жылыну үдерістері мұхиттардың түбінде осыған дейін мүлгіп жатқан мәңгілік тоңдарды жібітіп, оның қабатындағы метан газдарына қозғау салғанартады
Читайте также:  Чем опасен навоз для растений

ПАРНИКТІК ЭФФЕКТІ ТУРАЛЫ БОЛЖАМДАР

Ғаламдық жылынудың адамға белгілі бір мөлшерде тигізетін пайдасы да жоқ емес (мәселен, өсімдіктердің өнімділігі артады, шаруашылықта қызмет етуге мүмкіндіктердің кеңеюі, т.б.)

Алайда, ғаламдық жылынудың арқасында біз көптеген қиыншылықтарға душар болатынымыз бірден анық. Олардың ең бастысы – шаруашылықтың көптеген түрлерін климаттық жағдайларға қысқы мерзімде бейімдендіру болып табылады.

Атақты француз физигі Жозеф Фурье жер атмосферасы жылыжайдағы шыны ретінде рөл атқарады: ауа күн жылуын өткізе отырып, оның қайтадан ғарышта буланып кетуіне жол бермейді деп болжаған.

Бұл эффект кейбір парниктік газдардың арқасында жүзеге асады. Олар күнге шағылысатын көрінетін және жақын инфрақызыл жарықты өткізіп, бірақ өте төмен жиіліктегі және жер бетінің күн сәулесімен қыздырғандағы пайда болған алыс инфрақызыл сәулесін жұтады.

Әйгілі физик В.И.Лебедеваның айтуы бойынша көмірқышқыл газының ауадағы көп мөлшері дүние жүзіндегі жаһандық жылынуға әкеп соқтырмауы тиіс.

Физик Б.М.Смирнов Лебедеваның пікірін мақұлдап, оның үстіне бүкіләлемдік жылыну жер атмосферасына мүлдем әсер етпей, қайта өндіріс өнімділігін арттырады деген пікір айтқан.

    • Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ғалымдар қазіргі жаһан­дық жы­лыну үрдісіне се­беп болып отырған ке­са­паттың 90 пайызы адам қолымен жасалып отыр деген тұжырымға тоқтаған.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

    • 1. Г.Оспанова, Т.Бозшатаева «Экология», Алматы-2002.
    • 2. Ж.Ақбасова, Г.Сайнова «Экология», Алматы-2003.
    • 3. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», Алматы-2004.
    • 4. Ұ.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау», Алматы – 2004.
    • 5. Ә.Бейсенова. Экология, Алматы – 2001
    • 6.Г. Оспанова. Экология негіздері,Алматы-2002ж.

Источник

Adblock
detector